ШҚО-да ауада қалқып тұрған субұрқақ пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да ауада қалқып тұрған субұрқақ пайда болды

ШҚО-да ауада қалқып тұрған субұрқақ пайда болды

Бір қарағанда адам көзіне ауада қалқып тұрғандай көрінетін су өткізгіш кран Зырянов ауданының Никольск ауылындағы мектептің алдында пайда болды, деп хабарлады YK-news.kz.

  • 12 Маусым 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz


Мектеп директоры Мәуілхан Нұрғазиннің сөзіне қарағанда, мұндай субұрқақты орнатуды ол бұрыннан армандап жүрген. Оны ол ғаламтордан көрген көрінеді.

Аталған субұрқақты көруге өзге ауылдардан да келетіндер бар екен.

Атап өту керек, мұндай фонтандар Испания, Бельгия, АҚШ пен Ұлыбританияның бірнеше қалаларында бар. Оның құпиясы қарапайым: ауада ілініп тұрған кранның астында мөлдір су өткізгіш құбыр бар.