ШҚО-да белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетов жерлестерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетов жерлестерімен кездесті

ШҚО-да белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетов жерлестерімен кездесті

ШҚО-да «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері, ақын Ұлықбек Есдәулетовтің шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан. 

  • 9 Шiлде 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Астана күніне орайластырылған мерекелердің жалғасы ретінде Өскеменнің этнографиялық саябағында шығысқазақстандық танымал тұлға Ұлықбек Есдәулетовтің жерлестерімен кездесуі өтті.

Жақында ақын өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өткен еді, осы айтулы датаға орай ШҚО әкімдігі оның жерлестерімен кездесіп, өлеңдерін оқып, өзінің болашақтағы шығармашылық жоспарларымен бөлісу мүмкіндігін ұйымдастырды.

«Біз, Шығыс Қазақстанның тұрғындары Ұлықбекті мақтан тұтатамыз. Оның өлеңдерінде қарапайым халықтың ойлары мен сезімдері бейнеленген. Ол туған Отанын жырға қосады. Біздің жерімізді осындай ұлдары танымал етті. Осы бір тамаша күні ақынды барлық шығысқазақстандықтардың атынан құттықтап, әлі де үлкен биіктерді бағындыруын тілеймін», — деді кездесуді ашқан ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі Ұ.Есдәулетовке жерлестерінің атынан автокөліктің кілтін табыс етті.

Айта кетейік, Ұлықбек Есдәулетов «Семей-Невада» халықаралық антиядролық қозғалысының әнұранына айналған танымал «Заман-ай» әнінің сөзін жазған. Оның өлеңдері тек туған жерінде емес, барлық түркітілдес елдерде кеңінен таралған. Бұл туралы кеш қонағы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Омеруглу айтты. 

«Ол тек қазақ ақыны ғана емес, мен оны түркі әлемінің көрнекті ақыны деп білемін. Оның кәусар жырлары түркі тілдес елдерде кеңінен танымал. Жақында Түркияда оның шығармаларын жарыққа шығардық. Бұл үлкен жетістік», — деді Якуп Омеруглу.