ШҚО-да бірқатар жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да бірқатар жол жабылды

ШҚО-да бірқатар жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Наурыз 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz


Қазіргі уақытта өңір бойынша 4 жол жабық. Оның ішінде 2 республикалық, 2 облыстық маңыздағы жол. Сондай-ақ екі жолда көлік қозғалысы шектелген.

«Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман Қайнары тасжолының 88-166 шақырымы (Октябрь кенті мен Алтай қаласының аралығы) және «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман Қайнары тасжолының 166-254 шақырымы (Алтай қаласы мен Үлкен Нарын ауылының аралығы) жабылған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты ауылы мен Самар ауылына кіреберіс аралығы), «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-37 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған», — делінген хабарламада.