Жарияланды: 90

ШҚО-да бұрынғы әкімнің өлі денесі табылды

ШҚО-да бұрынғы әкімнің өлі денесі табылды Сурет - novosti33.ru

Оның денесі Өскемендегі Үлбі өзенінің жағалауынан табылған.

Шығыс Қазақстанда Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Оның денесі Өскемендегі Үлбі өзенінің жағалауынан табылған. Ең алдымен полиция бөлімшесіне қала тұрғыны қоңырау шалып,өзен бойында бір адамның қимылсыз жатқанын хабарлаған. Жедел жеткен тергеу тобы 66 жастағы ер адамың денесін тапқан. Қазір сот медициналық сараптама жүргізілуде. Алдын ала ақпарат бойынша қасақана кісі өлтіру белгілері байқалмайды. Марқұмға найзағай түсті деген болжам бар. Тұрсынғазы Мүсәпірбеков – түрлі мемлекеттік қызмет тізгінін ұстаған өлкеге танымал азамат. Марқұм 10 жылдай Семей қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етсе, 2011-2017 жылдары Абай ауданы әкімі болып қызмет атқарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін