ШҚО-да демалыс күндері 60 адам қар құрсауынан құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да демалыс күндері 60 адам қар құрсауынан құтқарылды

ШҚО-да демалыс күндері 60 адам қар құрсауынан құтқарылды

Шығыс Қазақстанда өткен демалыс күндері 60 адам қар құрсауынан құтқарылды.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 383
Фото - Caravan.kz

Мәселен Жарма ауданындағы «Шар-Бақыршық» бағытында қарлы боранның салдарынан 16 жеңіл және 7 жүк көлігі жолда қалды. Аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының көмегімен 51 адам көршілес Шалабай елді мекеніне жеткізілді. Құтқарылғандардың үшеуі балалар. Ал құтқарушылардың екінші тобы «Семей-Өскемен» бағытында жолда қалған үш азаматқа Привольное ауылындағы медициналық-құтқару бөліміне аман жетуге жәрдемдесті. Сондай-ақ «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндірушілері «Өскемен-Алматы» бағытындағы жолда қалған 3 адамды арнайы техникамен Қалбатау ауылына жеткізді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Еске салайық, ШҚО ТЖД қызметі демалыс күндері күн райына байланысты жолдың жабылғаны туралы ескертпе хабарлама жолдаған болатын.



 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр