ШҚО-да экс-шенеунік сот үкімін тыңдап, есінен танып құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да экс-шенеунік сот үкімін тыңдап, есінен танып құлады

ШҚО-да экс-шенеунік сот үкімін тыңдап, есінен танып құлады

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ құрды және бюджет қаражатынан төрт миллиард теңге жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік сот үкімін естіп, есінен танып құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 2 Қараша 2017
  • 217
Фото - Caravan.kz

"Сотталушыны қылмыстық топты басқарғаны және қызметтік бабын пайдалану, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп табылды. Қылмыстық жолмен келген мүлкі тәркіленіп, өмірбойына мемлекеттік билік қызметінде жұмыс істеу құқығынан айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", — деді судья. 

Судьяның осы сөздерін естіген сотталушы еденге ес-түссіз құлады. Залға дәрігерлер шақырылды. Дәрігерлер оны қарап шығып, ол инсульт алған болуы мүмкін деп дансақтау бөліміне алып кетті. Осы жағдайға қарамастан ШҚО қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Людмила Побияха үкімді соңына дейін оқыды.  

Сонымен қатар, сот үкімі тағы жеті адамға шықты. Қылмысқа барған сыбайластар бес жылдан алты жылға дейін сотталды. Мүлкі тәркіленеді. Барлық сотталушылар бюджетке бір жарым миллиард теңге төлеуі тиіс.  


Экс-шенеуніктің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. 

Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаттары судьяның шешіміне арыз бермекші. 
 

Соңғы жаңалықтар