Жарияланды: 560

ШҚО-да ең үздік шағын ауыл мен шағын қала конкурсын ынталандырмақ

Шығыс Қазақстан облыстық бюджетте ең үздік шағын елді мекен, ең жақсы көше, ең жақсы үй конурсының жеңімпаздарына сыйлық қарастырылады, деп Шығыс Қазақстан энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Айтқазы Шерубаев жұма күні хабарлады.

«Ең үдік шағын елді мекен, ең үздік ауыл, көше және үй конкурстарын қайта жандандыру керек. Бұл конкурстар кезінде дәстүрлі болып, барлық жерлерде жақсы жемістерін көрсеткен», - деді А. Шерубаев. Оның айтуынша, биыл Көпекті ауданының елді мекендерінің арасында осындай конкурс екінші жыл өткізіліп отыр. Бұл аудан ауылдардағы тұрмыстық қалдықтарды көметін полигондардың сметалық-жобалық құжаттары дайындалған облыстағы жалғыз аудан. «Әрбір ауыл мен әрбір аулаға тәртіп келетін уақыт жетті. Жеңімпаздарды марапаттауға бюджетте қаражат табылады», - деді А. Шерубаев. Жалпы Шығыс Қазақстандағы ауылдарды абаттандыруға «Жол картасымен» Т160 млн бөлінген. 37 жоба әзірленіп, 160 жаңа жұмыс орнын ашу қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть