Жарияланды: 20

ШҚО-да карантиндік шаралар ұзартылды

ШҚО-да карантиндік шаралар ұзартылды Сурет - Stan.kz

ШҚО-дағы карантиндік шаралар 17 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды.

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев қол қойған қаулыда айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен тұрғындардың жұрыс тұрмысын шектеу шараларын 4 желтоқсан сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 желтоқсан сағат 00.00 - ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Бұл ретте шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екені нақтыланады.

Қалалар мен аудандардың әкімдеріне облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекарасын сақтау тапсырылды.

Облыстағы 24 санитарлық бекет өз жұмысын жалғастырады. Өскеменге азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынған. Бұл ретте облыс орталығында болуды қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етіледі

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін