ШҚО-да келіншек айран қорабына жасырылған есірткіні түрмеге кіргізбек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да келіншек айран қорабына жасырылған есірткіні түрмеге кіргізбек болған

ШҚО-да келіншек айран қорабына жасырылған есірткіні түрмеге кіргізбек болған

Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 жалпы режімдегі түзету мекемесіне есірткі өткізбек болған әрекеттің жолы кесілді. Белгісіз заттың есірткі екенін сот-медициналық сараптама растады, деп хабарлады ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) департаменті.

  • 24 Ақпан 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz

«Сотталған  (бопсалаушылық үшін 4 жылдық мерзімге) күйеуімен кездесуге келген келіншек әкелген «ФудМастер» айран қорабы ішінен сәлемдемелерді тексеру бөлмесінде қарау кезінде қызметкерлер төрт полиэтилен орама тапты. Онда салмағы шамамен 135 граммдық марихуана болған», — деп хабарлады облыстық ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Смағұлов.

«Әйелді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін тиісті материалдар жиналды», — деп нақтылай кетті ол.