ШҚО-да мұз үстінде қалған төрт бала құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да мұз үстінде қалған төрт бала құтқарылды

ШҚО-да мұз үстінде қалған төрт бала құтқарылды

Семейде омырылған мұз үстінде қалған төрт бала құтқарылды. Мектеп оқушылары Ертіс өзенінде ойнап жүріп, аяқ астындағы мұздың қалай бөлініп кеткенін байқамаға

  • 27 Наурыз 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бөлінген мұз өзен ағысымен төменге қарай аққан, сол себепті балалар жағаға секіруге қауіптенген. Осы кезде оқиғаны көзбен көргендер құтқару қызметіне хабар беріпті.

«Суда құтқару қызметіне хабарлама 17.55-те түсті. Ал 18.15-те құтқарушылар балаларды аман-есен жағаға алып шыққан. Орташа есеппен алғанда құтқару жұмысына 10-15 минут кеткен», — деді ШҚО ТЖД суда құтқару қызметінің бас инструкторы Анатолий Рыжков.


Айта кетерлігі, мұз үстінде қалған балалардың жасы 11 мен 15 аралығында.

«Бәрі сәтті аяқталғаны қуантады. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, өз жұмыстарын шұғыл орындады. Мұндай жағдайларда бәрі өте жылдам өтеді. Мұз сеңі жарылып кетіп, суға түсіп кетсе, адам денесі суық суда бірнеше минут тұра алмас еді», — дейді А.Рожков.