ШҚО әкімдігінің Ақпараттық орталығының мәлім етуінше, Курт Вютрих «ӨСКЕМЕН ЭКСПО-2014» көрмесіне қойылған жобалардың барлығы аймақтағы ғалымдардың деңгейінің жоғары екенін көрсететінін атап өткен.
Шара барысында қонақтар баламалы энергия, инновациялық технологиялар, физика және химия салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ғылым саласындағы жетістіктеріне қол жеткізу жолындағы сырларымен бөліскен.
«Бастысы — пәнге деген қызығушылық. Егер адам бір нәрсені білгісі келіп ұмтылатын болса, онда ол үлкен ынталандырушы, қозғаушы күш. Яғни, мектеп қабырғасында дәл сол пәнді оқытқан жөн», — деді С.Тимашев.