ШҚО-да өзен арнасынан асып демалыс орындарына апаратын жолды су шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да өзен арнасынан асып демалыс орындарына апаратын жолды су шайып кетті

ШҚО-да өзен арнасынан асып демалыс орындарына апаратын жолды су шайып кетті

Шығыс Қазақстанда нөсер жауыннан Бұқтырма өзені арнасынан асып кетті. Кешіктірмей сақтық шараларын қолға алған құтқарушылар сол маңайда демалып жатқан елуден астам туристерді тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді.

  • 4 Маусым 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz


Толассыз жауған жаңбырдан Бұқтырма өзенінің деңгейі екі метрге дейін көтерілген. Ағын су Катонқарағай ауданында орналасқан бірнеше демалыс орнына апаратын жолдар мен көпірлерді шайып кетті. Қарасудың қамауында қалған демалушылар болса төтенше жағдайлар қызметінің арнайы тікұшағымен қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Бұқтырманың өзінде су деңгейі қазір қайта түсе бастапты.