ШҚО-да полицей күдіктіні азаптап, қылмысты мойнына ілмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да полицей күдіктіні азаптап, қылмысты мойнына ілмек болған

ШҚО-да полицей күдіктіні азаптап, қылмысты мойнына ілмек болған

Шығыс Қазақстан облыстық соты үш полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Олар күдікті адамды азаптағаны үшін сотталған деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

  • 7 Тамыз 2017
  • 197
Фото - Caravan.kz

Сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде күдіктіні азаптағаны анықталған. Полицейлер ер адамды ауыр дене жарақаттарын салу қылмысын мойындатпақ болған. 

Экс-полицейлерге қатысты істі тергеуді процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізді. Процесс барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.

Сот шешімімен Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға сотталды, жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйенің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Купанов болса 3 жылға бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкеріне қатысты бірінші сот сатысының осынау үкімін өзгеріссіз қалдырды.