ШҚО-да сәби ыдыстағы суға тұншығып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да сәби ыдыстағы суға тұншығып қайтыс болды

ШҚО-да сәби ыдыстағы суға тұншығып қайтыс болды

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында 1 жастағы бала 20 литрлік ыдыстағы суға тұншығып өлді.

  • 30 Шiлде 2018
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат. порталы хабарлады.

Жас отбасы аталмыш ауылға жуықта көшіп келген екен. Жаңа баспананы жөндеумен әлек болып жүріп, ерлі-зайыптылар 1 жастағы сәбиді қараусыз қалдырған. Бала аулада ойнап жүріп, монша алдындағы су толы ыдысқа құлап кеткен. Ата-анасы оны кеш байқаған.

«Оқиға орнына біріші болып полиция қызметкерлері жетті. Құтқарушылар тұрғындарды балаларын қараусыз жібермеуге шақырады. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережерелерін сақтамау үлкен қайғыға душар етеді», — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта


Соңғы жаңалықтар