ШҚО-да суға кеткен қыздың денесі табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да суға кеткен қыздың денесі табылмай жатыр

ШҚО-да суға кеткен қыздың денесі табылмай жатыр

Шығыс Қазақстанда суға кеткен бүлдіршіннің денесі әлі табылмай жатыр. Осыдан он күн бұрын ойнап жүріп биік жардан құлаған 7 жасар Дарьяны құтқару қызметімен қоса, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары да бірлесе іздеуде. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Жергілікті құтқарушылар енді павлодарлық әріптестерін көмекке шақырғалы отыр.

  • 18 Маусым 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Шығыстағы Шақаман ауылының үрейін ұшырған оқиға осы жерде болған. 7 жасар Дарья балалармен ойнап жүріп, абайсызда жардан құлап кетіпті. Бүлдіршіннің анасы болса әлі күнге дейін есін жия алмай жүр. 

Ол ешқашан үйден алыс ұзамайтын. Көшеде жүгіріп жүретін.  

Алғашқыда қызды ауыл жұрты өздері іздепті. Кейін құтқару қызметін көмекке шақырған.

-Шақаман ауылы жарды жағалай орналасқан. Оның биіктігі 50 метрге дейін жетеді. Құтқарушылар да, ауылдықтар да одан құлаған қыздың аман қалғанына сенбейді.

10 тәулік бойғы іздеу шаралары әзірге нәтиже бермей отыр. Құтқару қызметіне төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары да қосылып, барлығы бірлесіп, өзеннің бойын түгел сүзіп шықты.

Тасболат Көшкінбаев, Семей қалалық судан құтқару станциясының әдіскері:

-40 адамдай берді. Жаға бойында олар қарап, қыздың денесі табылады деп іздеп жатырмыз. Іздеу аумағы 50-60 шақырым. Күнде-күнде осынша шақырымда біздің жұмысшылар іздеп, су бойымен жүріп отыр.

Ал жергілікті әкім болса, жарды шайып тұрған қара Ертіс адам тұрмақ, баспаналарды да алып кетуі мүмкін дейді. Жылдан-жылға жырасы үйлерге қарай жылжып келе жатыр екен. Қазірдің өзінде біреуінің ауласы жартылай жардан құлаған.


Нұркен Жарлыкенов, Достық ауылдық аймағының әкімі:

-Қазір бірінші мақсатымыз осы үш үйді ауылдың орталығына көшірсек деп отырмыз. Енді келесі жылы мына үйлер құлауы мүмкін. Жылда су ақырындап басып келе жатыр, жыра құлап жатыр.

Судың ағыны жоғалған 7 жасар қыздың денесін іздеуге де кедергі келтіруде. Құтқарушылар егер Ертістің осы аумағынан Дарьяның денесін таба алмаса, оны өзен бойынан Павлодарлық әріптестері де іздеуге кіріскелі отыр.