ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды

Заңсыз аң атқан 40, балық аулаған 10-нан астам дерек тіркелген.

  • 13 Қараша 2017
  • 136
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауысымен заңсыз «қансонарлық» белең алып тұр, — деп хабарлайды Хабар арнасы.

Әсіресе Риддер, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында топ құрып, аң аулайтындар көбейген. Сондықтан аймақтағы табиғатты қорғау полицейлері қарашаның 6-15 аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын бастады.

Жедел із кесу шарасы басталғаннан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды. Оның ішінде заңсыз аң атқан 40, балық аулаған 10-нан астам дерек тіркелген. Сондай-ақ 5 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Тарбағатай ауданында балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталса, Көкпектіде рұқсатқағазынсыз аңға шыққан адам анықталды. Қазір барлық заңсыздықтар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар