ШҚО-да желікпе жүргізушілердің кесірінен 33 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да желікпе жүргізушілердің кесірінен 33 адам ажал құшты

ШҚО-да желікпе жүргізушілердің кесірінен 33 адам ажал құшты

Шығыс Қазақстанда 9-15 шілде аралығында «Жылдамдық» жедел алдын алу шарасы өтуде.

  • 10 Шiлде 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

Аймақтың барлық дерлік жүргізушілері тәртіп сақшыларының қатаң қадағалауына алынады, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.

«Бір апта ішінде құқық қорғау сақшылары жол қозғалысына бақылауды күшейтеді. Оған ІІБ қызметтері түгелдей тартылды», — дейді ШҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы Ақгүл Атудинова.

Жол-көлік оқиғаларына сараптама қорытындысы бойынша өңірдегі автокөлік апаттарының негізгі себептерінің бірі жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты арттыруы болып отыр. Осылайша, алты айдың ішінде жүргізушілердің «желігуінен» 170 ЖКО болды, салдарынан 33 адам қаза тауып, 217-сі жарақаттанды.

Жыл басынан бері әкімшілік полиция қызметкерлері жылдамдық режімін бұзған жүргізушілерге қатысты 16 мыңнан астам хаттама толтырған. Ал қазір полицейлер жоғары жылдамдықпен жүретіндерді ашық аулауға шықты.


Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша, 2014 жылдың алты айында Шығыс Қазақстанда 580 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 71 адам мерт болып, 720 адам жарақаттанған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ЖКО саны 6 пайызға және жарақаттанғандар саны 8 пайызға төмендеді.  Өкінішке қарай, жолдардағы кісі өлімі 7,6 пайызға артты.