ШҚО-дағы 8 ауылдық округте табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дағы 8 ауылдық округте табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

ШҚО-дағы 8 ауылдық округте табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Семей қаласы әкімінің шешімімен 8 ауылдық округте табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қараша айында аймақта бірнеше мәрте қар ар

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 1044
Фото - Caravan.kz

Семей қаласы әкімінің шешімімен 8 ауылдық округте табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қараша айында аймақта бірнеше мәрте қар аралас жаңбыр жауып, артынан қатты аяз болған еді. Осыған байланысты бұрын қыс айларын жайылыммен өткізетін шаруашылықтар үшін қиындықтар туды, деп хабарладжы 24.кз.

 Қазір арнайы құрылған комиссия төтенше жағдайдың зардаптарымен күресіп жатыр. Ауылдарға бірнеше жүк көлігімен жем-шөп тасымалданып, қалалық әкімдіктің резервінен 15 млн теңге қаражат бөлінді. Семей қаласынан 300 шақырымдай жерде жатқан Абыралы өңірінің шаруашылықтары әдетте қыстан малды жайылыммен шығаратын. Биыл қыс ерте түсті, әрі біресе жылып, жаңбыр жауып, арты аязға айналып, жұртты әбігерге салып тұр. Төтенше жағдай жарияланған Қараөлең, Абыралы, Айнабұлақ, Танат, Ақбұлақ, Жазық, Жиеналы және Знаменка ауылдық округтерінде қазір жағдай тұрақталған. Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлап отыр. Шаруашылықтардың сұранысына сәйкес керекті жем-шөп тасымалданып жатыр. Күні кеше 10 КамАЗ көлігінен құралған автокеруен аттанып кетіпті.

"Кебек 40 тоннадай, 60 тонна шөп дайындап, сол жаққа апардық. Оның алдында да сондай жұмыстар жүргізіліп, Қарағанды облысымен қарым-қатынас жасап, 1500 теңмен, 200 ораммен шөп әкелгелі жатырмыз. Семейден 400 орам апардық. Әкімдік өз жағынан барлық жұмыстарды бақылауға алып, жүргізіп жатыр",- дейді қала әкімінің төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов


Мамандар мұз аралас қардың қалыңдығы 80 сантиметрге дейін жеткендігін айтуда. Осыған байланысты жол ашу жұмыстарына қосымша техникалар аттанып жатыр. Ал бүгін таңертең «Шығыс» әскери қолбасшылығы тягач арнайы көлігін жіберген. Осыған ұқсас жағдай Абай ауданының Саржал ауылдық округінде де орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар