ШҚО-дағы массаж салоны интимдік қызмет көрсеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дағы массаж салоны интимдік қызмет көрсеткен

ШҚО-дағы массаж салоны интимдік қызмет көрсеткен

Облыста массаж салондарының бірі жеңгетайлық қызмет көрсеткен.

  • 29 Наурыз 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. Бұл массаж салонында қыздар клиенттерге қосымша ақы үшін интимдік қызметтер көрсеткен, атап айтқанда, body массаж жасаған.

Криминалдық полицияның жедел уәкілдері Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, ол осы массаж салонының директоры ретінде, белгілі бір жағдай жасай отырып, ақшалай сыйақы үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырған, — дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.