ШҚО-дан Сенат депутаттығына 4 үміткер ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дан Сенат депутаттығына 4 үміткер ұсынылды

ШҚО-дан Сенат депутаттығына 4 үміткер ұсынылды

Шығыс Қазақстан облысының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына 4 кандидат ұсынды.

  • 19 Тамыз 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау үшін жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмыстары аяқталды. Барлығы 4 үміткер болды, олардың 3-уі өзін-өзі ұсынса, Плотников Сергей Викторовичті төрт ауданның мәслихаты ұсынды», — деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин.

Оның айтуынша, үміткерлер қолдауға ие болу үшін қол жинаған.

«Бүгінде үш үміткер — Сергей Плотников, Виктор Кутовой және Александр Тимошенко тіркелді. Олардың барлығы тіркеу үшін қажетті құжаттарды толығымен ұсынды. Ал төртінші кандидат әзірге қол жинап жатыр», — деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Плотников — қазіргі кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Ал Виктор Кутовой мен Александр Тимошенко ірі кәсіпорындардың директоры.


Қазіргі таңда кандидаттар 12 қыркүйекте басталатын үгіт-насихат науқанына дайындалу үшін тіркеуге қажетті құжаттарын жинастыруды аяқтап, бағдарламалары мен насихаттық материалдарын әзірлеуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.