ШҚО-на қарасты Бұқтырмадағы арал 1 жарым миллиардқа сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-на қарасты Бұқтырмадағы арал 1 жарым миллиардқа сатылып жатыр

ШҚО-на қарасты Бұқтырмадағы арал 1 жарым миллиардқа сатылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында орналасқан арал 1 жарым млрд теңгеге сатылып жатыр. Хабарландыру әлеуметтік желіде жарияланған. 225 гектар жердің қожайыны хабарламасында Ертіс пен Бұқтырма өзендерінің түйіскен жеріндегі аралдың мақтауын асырыпты.

  • 27 Қараша 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

 Бұл ауданда туристік базалардың 100-ге жуығы орналасқанын, туризмді дамытуға таптырмас жер екенін де тілге тиек еткен. Осы жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімдігі түсініктеме берді. Айтуларынша, қаздар мекен еткен арал ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға 1998 жылы сатылған. Кейін қожайынның өтінішімен экономикалық сот оны сауда мақсатында пайдалануға рұқсат беріп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылған. Атқамінерлер аралдың сатылыуынан заңсыздық көріп тұрмағандай. Керісінше, жерді жемісті пайдалану үшін аралды дамытудың жоспарын ұсынса, қарастырамыз деп әңгімені жылы жапты.

 

Соңғы жаңалықтар