ШҚО-ның Үлкен Нарын ауылында жаңа балабақша салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-ның Үлкен Нарын ауылында жаңа балабақша салына бастады

ШҚО-ның Үлкен Нарын ауылында жаңа балабақша салына бастады

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа балабақша салына бастады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 664
Фото - Caravan.kz

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы Президент Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен 2010 жылы 28 мамырда жүзеге асырыла бастады. 8 мың халқы бар ауылда жаңа балабақша ғимаратының құрылысы үстіміздегі жылдың 15 маусымында басталды. Екі қабатты ғимарат 250 орынға есептеліп отыр. Оның 4 корпусы балаларға лайықтап жасалса, бесіншісінде әкімшілік-шаруашылық бөлім орналаспақ.

Аудан әкімі аппараты таратқан хабарламаға қарағанда, бұл балабақшаны үлкеннарындықтар жиырма жыл тосқан.

«Типтік жобаның алдын-ала жасалған сметалық құны — 515 млн. теңге, қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Нысанның мердігерлік ұйымы — Нығмет Шаухин басқаратын «Нарын» МКК. Бүгінгі күні бұрынғы аудандық емхананың және қосқабатты үйлердің қираған ғимараттарының орнында тегістеу жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Бүлдіршіндер жаңа балабақшаның табалдырығын 2012 жылы аттамақ.

Соңғы жаңалықтар