Жарияланды: 190

Шуда қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Шуда қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары арасындағы атыс ісі бойынша сот отырсы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шу аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалыңдықты алып қашқан жігіт қарсыласын тапаншамен атқан.  

Іс материалы бойынша, шілдеде Жаңа жол аулының тұрғыны "Лада-Приора" көлігіне травматикалық тапанша салып, ауыл ішінде жүрген. 

"Жолда Ф. есімді азамат А.М. және А.А. есімді ағайындарды кездестіреді. Жігіттер арасында жанжал туады. Бұған себеп А.А. есімді азаматтың құда түскен қызының Ф. есімді азаматпен қашып кетіп, соған тұрмысқа шығуы болған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осыдан кейін жігіттер кездесетін орын белгілеп, кездесу арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде Ф. есімді азамат  травматикалық қарудан оқ атып, қарсыласын жеңіл жаралаған. Ал ағайынды жігіттермен еріп келген А.Р. есімді ер адам 16 калибрлі аңшы мылтығынан Ф. есімді жігітті атқан. Салдарынан ол бытыра оқтан көптеген жеңіл жарақат алған. 

Сот отырысы кезінде Ф. өз кінәсін толық мойындады, ал А.Р. есімді күдіктіге қатысты іс бөлек қаралады. Сот шешімі бойынша, Ф. есімді азамат ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-тарауы және 293-баптың 3-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін