Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан төрт әйел адам және екі бала зардап шекті. Денесін күйік шалған олар ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында саяжай үйінде пештен ақау шығып, газға 1968 жылғы ер азамат пен 1982 жылғы әйел адам, 2003 және 2006 жылғы екі бала уланып, оқиға орнында жан тапсырған. Сондай-ақ, газға уланған 2007 жылғы бала ауруханаға жатқызылды