Жарияланды: 150

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Қытайда туып-өскен биші Шұғыла Сапарғалиқызы көкейінде ешуақытта отанға оралу деген арман болмағанын жасырмады.

Тіпті, алғаш келген кезде Қазақстаннан Қытайды артық көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Шынын айту керек, менде ондай ой болған жоқ. Өйткені мен тиіттейімнен сол жақта туып-өстім. Маған Қазақстан деген бөтен дүние болды. Ол кезде оқып жүрдік, бала болдық, жас болдық. Арманымыз басқа болды. Мен сол мемлекеттің астанасы Пекин қаласында білім алып жүрдім. Сол жерде жұмысқа қалып, Еуропа мен Америка секілді дамыған мемлекеттерге шығуым керек болды. Жетістіктерге қол жеткізуім керек дегендей. Жастық кезімде атақты биші болғым келді. Ал «Қазақстанға барамын, елге ораламын» деген болған емес», - деп шынын айтты биші қыз. 

Шұғыла Сапарғалиқызы Қазақстанға алғаш рет 1996 жылдың көктемінде келген. Жаркенттің кеденінен өтіп келген кезде отанының өзіне аса ыстық болып көрінбегенін жеткізді. 

«Шынымды айтсам, бұл жерге келген кезде шошып кеттім. Пекинде 22 жастағы қызбын. Ал мына жақта Қазақстанның жаңадан егемендік алған уақыты: жарықтың бәрін сөндіріп қоятын, ал жолдың бәрі шұңқыр-мұңқыр. Маған керемет дөрекі, ерсі болып көрінді. Қазақстанға келіп мында өмір сүргенше, Пекиннен Үрімжіге барып, сол жақта тұрғаным артық деп ойладым. Өзіме сондай сөз айттым. Шынында ол кезде заман сондай еді», - деді Шұғыла Сапарғалиқызы. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін