Шұжықтан тышқан етін тауып алған арызданушы сотта дәлелдеп шықты
![]() |
Ресейдің Иркутск қаласының тұрғыны өткен жылғы қарашада супермаркеттердің бірінен сатып алған пісірілген шұжықтан тышқанның аяғын тауып, өндірушіні сотқа берген. |
Сот бір жылға созылып, талапкердің пайдасына шешілді, деп хабарлады rusnovosti.ru.
Бірнеше тілім шұжықты жеген ер адам өнімнен тышқанның аяғын тапқан. Сатып алушы оны дүкенге апарып, дүкенші өнімнің ақшасын қайтарып берген.
Алайда, бұған көңілі көншімеген ол өнімді зерттеуден өткізу үшін Иркутск облысының «Роспотребнадзор» мекемесіне жүгінген. Ұйым сарапшылары өнімнен ішек инфекциясы қоздырғышының ДНК-сын тапқан.
Содан кейін арызданушы жауап берушіден 100 мың рубль өндіріп алу талап арызымен сотқа жүгінген. Алайда судья талап етілген соманы тым көп деп есептеп, өтемақы төлемін 30 мың рубльге дейін қысқартты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін