Швецияда бетін тұмшалаған қаскөй оқушыларды қылышпен өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияда бетін тұмшалаған қаскөй оқушыларды қылышпен  өлтірді

Швецияда бетін тұмшалаған қаскөй оқушыларды қылышпен өлтірді

Швецияда белгісіз азамат мектеп оқушыларына қылыш ала шапты. Бет жүзін жазырған қаскөй 5 адамды ауыр жаралаған. Кейін оның бірі ауруханада көз жұмды.

  • 23 Қазан 2015
  • 212
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Тролльхеттен қаласындағы білім ордасында болды. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің төртеуі мектеп оқушылары. Тағы біреуі ересек адам. Жергілікті мектептің аумағына баса көктеп кірген қаскөйді полицейлер қызметтік тапаншаның көмегімен әрең тоқтатты. Қазір оның жағдайы белгісіз. Қарулы шабуылдан білім ордасының оқушылары мен ұстаздары есеңгіреп қалған. Швеция полициясы қаскөйді мұндай қадамға не итермелегенін анықтап жатыр.