Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасаспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасаспақ

Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасаспақ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Astra Zeneca», «Diaverum», «Mölnlycke» және «SCA» швециялық фармацевтикалық компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлады mzsr.gov.kz. 

  • 29 Сәуiр 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz


Алексей Цой, бұл кездесу швециялық фармацевтикалық компаниялармен қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп атады

Швециялық фармацевтикалық компанияларының басшылары Вице-министрді өз қызметтері жайлы хабардар етті. Сондай-ақ, телемедицинаны, онкологияны дамыту мәселелері, операциялық бөлмелер үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу, пациенттерге диализдік қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімдер жасасу жөнінде ұсыныстар айтты.