Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ іске қосылады

Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ іске қосылады

Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақты алғашқы сынама ұшуға дайындауда. Құрастырушылар оны 2015 жылы  аралық қонусыз жер шарын айналып ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.

  • 2 Маусым 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz

Solar Impulse 2 ұшу аппараты аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Ол өткен жылы Құрама Штаттардың бір жағалауынан екіншісіне дейін ұшып өткен. Сондай-ақ күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл — рекордтық көрсеткіш. 

Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады.


Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары   "Боинг-747" ұшағынан гөрі кеңірек. Алайда Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.