«Шыдамай кеттім…». Гүлжан Ерғалиеваны көлігіне отырғызған қазақ таксист жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шыдамай кеттім…». Гүлжан Ерғалиеваны көлігіне отырғызған қазақ таксист жауап берді

«Шыдамай кеттім…». Гүлжан Ерғалиеваны көлігіне отырғызған қазақ таксист жауап берді

Гүлжан Ерғалиеваның желідегі даулы жазбасы қазақтілді қауымның ашуына тиіп, кешелі бері желідегі жұрт танымал журналисті жерден алып, жерге салуда. 

  • 22 Мамыр 2018
  • 9018
Фото - Caravan.kz

Бұл ретте Сапар Ақтияр есімді желі қолданушысы былай деп ағынан жарылыпты. Автордың  жазбасын қаз-қалпында бергенді жөн көрдік. 

Гүлжан Ерғалиева деген журналистің қазақтарды қалай кемсіткенін естіген шығарсыздар (төменде суретте. 
Әй, қанымның басыма шапқаны-ай. Қалшылдап кеттім. 
Бертінге дейін билікке қарсы сөйлеп келген адам ретінде сыйлап келгем. Сөйтсем қазаққа он қайнаса да сорпасы қосылмайтын адам екен. Әблязов сияқты…
Әй, Гүлжан қазақ осындай күйге ненің нәтижесінде түсті деп ойлайсың? Әкеңіз алып адам еді. Хамит Ерғалиев. Қазақ руханияты үшін көзі тірісінде көп күрескен еді. Сізге соның бір жұрнағы да жұқпаған ба? Әкеңізден алған тәрбие қайда? 
Әй, қайдам. Көзіңізді ашқалы орысша оқып, орысша ойлап, орыстың арасында өскен адамсыз ғой. 
Қазақтың қазіргідей кепке қалай, ненің кесірінен түскенін білмейсіз де, ойланбайсыз да. 
Әй, Гүлжан сол сіз кемсіткен саудыраған көлігі бар, күні бойы Қайрат Нұртасты тыңдайтын, ештеңе білмейтін, ештеңе оқымаған қазақ менмін. Ал менмін ал! 
Сіз өзі қазіргі қазақтың қандай тұрмыс кешіп жатқанын білесіз бе? Алматының бай аудандарынан алысырақ шығыңыз. Сонда көресіз. 
Қазақ неге үйсіз? Қазақ жетіскеннен "таксовать" етіп, күзетшілік қылып, болмаса базарда тәшкі сүйретіп жүр деп ойлайсыз ба? 
Ойланбайсыз. Қазақ пен орыстың ар жақ бер жағындағы, орыстың психологиясы басым түсіп жатқан мына мен күнде көретін көп шалақазақтың бірісіз. 
Тәуелсіздік алғалы билік қазақтың жағдайын ойлады ма? Жоқ. Өз бетінше күнелткен жұрттың ескі көлігімен қалаға келіп таксист болудан басқа амалы қалды ма? Жоқ. 
Сіз бұл туралы неге айтпайсыз? Әй, оңбайсыздар. Оңбайсыздар. Сіздер сияқты шалақазақтар шығар қазақтың түбіне жететін… 
Әй, тәуелсіздік алғанымызда 25 жылдан асты. Түзелсеңші, Гүлжан. Жарайды, сенің бетің бері қарамайды енді. Тым болмаса немерелеріңді қазақ мектебіне берші. Ертең олармен де дәл сен сияқты алысып өтпейік…


Оқи отырыңыз:

«Екі ұлым келіндердің айтқанынан шыға алмады»: Қайыршы ата қалай жалғыз қалғанын айтып күрсінді

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика 

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды
 

 

 

Соңғы жаңалықтар