Шығыс Еуропа мен Орта Азияда ВИЧ індетін жұқтырғындар саны 1,6 млн адамға жетті - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Еуропа мен Орта Азияда ВИЧ індетін жұқтырғындар саны 1,6 млн адамға жетті - БҰҰ

Шығыс Еуропа мен Орта Азияда ВИЧ індетін жұқтырғындар саны 1,6 млн адамға жетті - БҰҰ

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Еуропа мен Орта Азияда ВИЧ-инфекциясын жұқтырғындар саны 1,6 млн адамға жетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 624
Фото - Caravan.kz

Жаңалықтар қызметі, сонымен қатар, Шығыс Еуропа мен Орта Азиядағы ВИЧ/СПИД мәселелері мамырдың 3-5 аралығында БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) аясында Мәскеу қаласында өтетін ВИЧ/СПИД мәселелері жөніндегі өңірлік екінші конференцияда қаралатынын хабарлады. Оған қатысу үшін Ресей астанасына әлемнің 50-ден астам мемлекетінен 2 мыңдай делегат келеді. Олар үш күн ішінде өңірдегі иммунитет тапшылығы вирусымен алдыңғы саптағы күрес тәжірибесімен алмасып, осы сала бойынша алдағы қадамдарды айқындайды.

Мәскеудегі кездесу алдында баспасөз мәслихатында сөз алған Ресей Федерациясының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко өңірдегі індеттің әйелдер арасында кең таралып бара жатқанына назар аударды. Бұның салдарынан осы індетті жұқтырған аналардан туатын балалар саны да арту үстінде, деп хабарлайды жаңалықтар қызметі.

БҰҰ жүйесінің Украинадағы үйлестірушісі Френсис ОДоннелдің мәліметтеріне сүйенсек, бұл елдегі ВИЧ/СПИД індеті Еуропадағы ең ауқымдысы әрі ең қауіптісі болып отыр және қазірдің өзінде бүкіл ересек адамдардың 1,63 пайызын қамтып үлгерген. Ал Киев, Одесса және Николаев облыстарында жүкті әйелдердің 1 пайызынан астамы СПИД жұқтырған.

Жаңалықтар қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Еуропа мен Орта Азиядағы ВИЧ/СПИД мәселелері жөніндегі конференция СПИД проблемасының жаһандық талқылануына жасалған қадам болады. Биыл маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясы ВИЧ/СПИД індетімен күрес ісіне тартылу жөніндегі декларацияның орындалу нәтижелерін жариялайды.

Бас Ассамблеяға дайындық аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ мүшелеріне декларацияның орындалу барысына шолу жасалған жаңа баяндама жолдаған. Онда 2007 жылдың желтоқсан айында дүниежүзіндегі ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар саны 33,2 млн адамға жеткені хабарланған. Сондай-ақ, былтыр 2,5 адам осы инфекцияны жұқтырса, тағы 2,1 млн адам СПИД-тен қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті