Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің жұмысына көңілі толмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық  Ішкі істер департаментінің басшылығы есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің жұмысына көңілі толмайды

Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің жұмысына көңілі толмайды

ӨСКЕМЕН. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің басшылығы есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің жұмысына көңілі толмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен атап өткендей, өткен жедел кеңесте есірткі қылмыстарымен және есірткі бизнесімен күрес бөлімінің атына бірқатар сын айтылды.

Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының басшылары есірткі қылмыстарын, есірткі сатып қолданатын орындарды анықтауға, сонымен қатар есірткі заттарын сату деректерінің жолын кесуге қатысты жұмыстар «мүлдем сәтсіздікке ұшыраған» деген пікірде.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер, облыс аймақтарындағы есірткі қылмыстарының жалпы санының 23 пайызға өскендігіне қарамастан, бүгінгі күнде есірткі контрабандасының тек бір ғана дерегі анықталған және де облыстағы нашақорлық бұрынғадай ең өткір проблемалардың бірі болып отырғандығына қарамастан, нашақорлардың басы жиналатын орын ұстауға қатыст бір де бір дерек анықталмаған.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 45 килограммнан астам есірткі заттары, соның ішінде 1 кг астам героин шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті