Шығыс Қазақстан облысында 2 қазақ мектебі салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 2 қазақ мектебі салынады

Шығыс Қазақстан облысында 2 қазақ мектебі салынады

Биыл Шығыс Қазақстанда 2 жаңа мектеп қолданысқа беріледі.

  • 20 Маусым 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Шығыста 83 құрылыс жобасын қаржыландыруға 30 млрд теңге бөлінген. Оның бір бөлігі несие көздерінен тартылуда. Облыстың 4 ауданында психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті ашылмақ. Жаңа оқу жылында Аягөз қаласы мен Үржар ауданының Мақаншы ауылында екі мектеп қолданысқа беріледі.

Келер жылы Өскеменнің өзінде 2 қазақ мектебінің құрылысы басталмақ. Сондай-ақ, облыс орталығында 200 орындық балалар ауруханасын салу жоспарланған. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Өскемен мен Семейде 6 жалдамалы үй бой көтеруде. Бұл мақсатқа 1,6 млрд теңге қарастырылған. Аталмыш үйлер қолданысқа берілсе, 440 отбасы пәтер кілтін иеленеді.

Аталмыш бағдарлама бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіруге арналған 19 жоба жүзеге асуы тиіс. Бұл мақсатқа бөлінген 2,5 млрд теңге Өскемен, Семей, Аягөз қалаларының инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақ.


«Аталмыш құрылыстардың барлығы Елбасының Жолдаудағы нұсқауларына сәйкес, саланың заманауи жетістіктерін қолдана отырып жүзеге аспақ» — делінген облыстық ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

 

Соңғы жаңалықтар