Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған  браконьер  ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Семей. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының бөлім бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Браконьер Үржар АІІБ қызметкерлерінің табиғи ресурстар департаментінің оперативтік тобы инспекторларымен бірлесе жүргізген рейді кезінде ұсталды. «Рыбачье ауылының 56 жастағы тұрғыны Алакөлде ұсталып, одан 30 ондатр тәркіленді», — деді Б. Сүлейменов.

Оның айтуынша, шығын көлемі 175 мың теңгені құраған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті