Шығыс Қазақстан облысында бағаны тұрақтандыру үшін 900 тоннадан астам картоп сатып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бағаны тұрақтандыру үшін 900 тоннадан астам картоп сатып алынды

Шығыс Қазақстан облысында бағаны тұрақтандыру үшін 900 тоннадан астам картоп сатып алынды

Семей. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында бағаны тұрақтандыру үшін 900 тоннадан астам картоп сатып алынды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Қыс-көктем кезеңінде картоп бағасын ұстап тұру үшін облыстық бюджет қаржысына 920 тонна картоп сатып алынып, қоймаға сақталды», -деп түсіндіреді әкімшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, өңірде 25 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қоры құрылды, «одан қажет жағдайда ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы секілді астық интервенциясы жасалатын болады».

Облыста инфляцияны тұрақтандыру үшін азық-түлік өнімдерін өндірушілер, өңдеушілер мен сатушылар арасында бірқатар әлеуметтік маңызды өнімдер бойынша бағаны тұрақтандыру үшін өзара ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті