Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғалар үшін сауықтыру орталықтарын құру жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғалар үшін сауықтыру орталықтарын құру жоспарланып отыр

Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғалар үшін сауықтыру орталықтарын құру жоспарланып отыр

Семей. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғалар үшін аймақтық сауықтыру орталықтарын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қараша 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Босаған тұлғалардың көбісі жазаның ұзақтығы салдарынан жанұялық және әлеуметтік қатынастарын жоғалтады. Сауықтыру орталықтарында көрсетілетін құқықтық және әлеуметтік көмек алуға аса мұқтаж болып табылады. Мысалы, 2006 жылы түзету мекемелерінен босап шыққан 3241 адамның 793-і тұрмысын түзеу және еңбекпен қамтамасыз етуге мұқтаж болған», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, орталық мамандары жоғалған құжаттарды, қажет болған жағдайда тұрғын үйге қатысты бұзылған құқығын қайта қалпына келтіруде, интернат-үйлерге орналастыруда, әлеуметтік төлемдерді алуда, еңбекке қабілеттілікті анықтауда, жұмысшы мамандығын алуда заңгерлік кеңес көмегін беретін болады. Түрмелерде туберкулезден емдеу курсын өтпеген тұлғалар туберкулезге қарсы диспансерлерге стационарлық емдеуге жіберілетін болады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, бұрын сотталған 150 адамға арналған және 6 айға дейін тұратын бір сауықтыру орталығын құру үшін (ғимаратты сатып алу немесе жалға алу, қызметкерлер жалақысы, қамсыздандыру) 100 мың теңгеден астам қаржы керек екен. Жасақты тасымалдайтын қосымша 20 «КамАЗ», 81 «УАЗ» және алты жолаушылар автобусын алу сомасымен қоса есептегенде бір патрульдік полиция полкін құруға шамамен 470 мың теңге қажет екен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 13 түзету мекемесі орналасқан. Онда 8428 соталушы өз жазасын өтеуде, олардың 43,5 пайызы өзге облыстардан келгендер. Қамаудан босатылғаннан кейін көпшілігі тұрақты немесе уақытша тұру үшін облыста қалады.

Сауықтыру орталықтары Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің бастамасымен облыс әкімшілігінің қолдауымен құрылуда, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті