Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, оқиға өткен демалыс күндері болған. Серуендеп жүрген қайықтан суға секірген сәтте 43 жастағы еркекті сол маңнан өтіп бара жатқан моторлы қайық қағып кеткен көрінеді. Ол оқиға орнында көз жұмған. Қазір полицейлер істің мән-жайын тексеріп жатыр.