Шығыс Қазақстан облысында дала және орман өрті шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында  дала және  орман өрті шықты

Шығыс Қазақстан облысында дала және орман өрті шықты

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Шығыс Қазақстан облысында дала және орман өрті шықты , деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Мамыр 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Пугачевск орман шаруашылығында 10 мамырда 15 сағат 30 минутта 130 гектар жерде өрт шықты. 11 мамырда оңтүстік батыстан соққан жел күшейіп (секундына 15-20 метрге дейін) от жалыны 270 гектар жерге тарады.

Өртті ауыздықтау үшін 115 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Бородулиха ауданында Жернов орман шаруашылығында 11 мамырда сағат 15.00 орманда өрт басталды. Оңтүстік батыстан соққан желдің күшеюі салдарынан от жалыны басқа жерлерге тез тарап кетті.

Сағат 18.00 берілген мәліметтер бойынша жалын 30-50 гектарға жайылды. Оны өшіру үшін жалпы 75 адам және 20 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті