Шығыс Қазақстан облысында Еуропаны Қытаймен жалғайтын халықаралық магистральдің бөлігі салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында Еуропаны Қытаймен жалғайтын халықаралық магистральдің бөлігі салынуда

Шығыс Қазақстан облысында Еуропаны Қытаймен жалғайтын халықаралық магистральдің бөлігі салынуда

Өскемен. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында Еуропаны Қытаймен жалғайтын халықаралық магистральдің бөлігі салынуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының транспорт инфрақұрылымын дамыту комитеті басқармасынан хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Таскескен — Бақты тасжолы бөлігі Еуропадан Қытайға баратын халықаралық магистральдің бөлігі болып табылады, бұл «Бақты» кедені арқылы Ресейге, Орта Азия елдеріне және бірнеше еуропалық мемлекеттерге жүк өткізуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді облыстық басқарма бастығының орынбасары Бақыт Қалымов.

«Ұзындығы 187 шақырым тас жолдың құрылысына 3 млрд астам теңге кетеді»,- деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының транспорт инфрақұрылымын дамыту комитеті басқармасындағылар.

«Жол салудың жаңа технологиясы тасжолдың 30 жылдан астам уақыт қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Жаңа магистраль 2010 жылы пайдалануға беріледі»,- деп қосты Б. Қалымов.

Бұрын хабарлағанымыздай, Таскескен — Бақты автомагистралі Берлин — Мәскеу — Екатеринбург — Алматы — Таскескен — Үрімжі халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті