Шығыс Қазақстан облысында героинді асқазанына салып шекарадан өтпек болған еркек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында героинді  асқазанына салып шекарадан өтпек болған еркек ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында героинді асқазанына салып шекарадан өтпек болған еркек ұсталды

Семей. 5-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында героинді асқазанына салып, шекарадан алып өтпек болған еркек ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Стоп трафик» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында «Жезкент» кедендік постының маңынан Ресей Федерациясы жақтан жаяу келе жатқан еркек ұсталған.

«27 жастағы азамат Жезкент учаскелік ауруханасына жеткізіліп, оның асқазан жолын жуғаннан кейін ашық сұр түсті зат оралған полиэтиленді орама табылып, тәркіленген»,- деп түсіндірді Ішкі істер департаментіндегілер.

«Сараптама актісіне сүйенсек, тәркіленген зат — салмағы 1,54 грамм героин болып шықты»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер. Аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті