Шығыс Қазақстан облысында өртте егде жастағы әйел көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысының Глубокий ауданында, |
Верхберезовска кентіндегі Ленин көшесінің бойында орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде кеше сағат 23.15-те өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Өрт сағат 00.10-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт болған жерде 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін