Жарияланды: 390

Шығыс Қазақстан облысында осыдан екі апта бұрын қайықпен жолға шыққан екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында 21-қыркүйекте Күршім өзені арқылы келесі бетке қайықпен жолға шыққан екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, біреуі құқық қорғау мекемесінің қызметкері болып табылатын екі ер адам 21-қыркүйекте қылмыстық іздестіру шараларын жүзеге асыру үшін Свинчатка ауылынан шыққан. 30-қыркүйекке дейін әлгі адамдардан ешбір хабар-ошар болмаған. Сөйтіп, сол күні іздестіру жұмыстары басталады. Нәтижесінде, олар келесі бетке қарай мініп шыққан қайықтың ескегі табылған. Қазір жоғалған адамдарды іздестіру шарас ыолан әрі жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін