5 адам жол аптынан мерт болды, бірнеше адам жарақаттанды. Мәселен, Риддер қаласында «ВАЗ-2103» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік айдау салдарынан жаяу жүргінші-әйелді қағып кетті. Әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы осы қалада мотоцикл жүргізушісі ағашқа соқтығысып, апат салдарынан көлік жолаушысы қаза тауып, жүргізуші ауруханаға түсті.
Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданының Малеевск ауылында белгісіз көлік иесінің қағып кетуі салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты.
Үржар ауданында «Таскескен-Бақты» бағытындағы автожолда бір көлік иесі машина тізгініне ие бола алмау салдарынан көлігін аударып алды. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы апат орнында қаза тапса, тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, Семей қаласындағы Бобров саяжайлар аумағында күзетте жүрген полиция қызметкерлері 25-30 жас аралығындағы әйел адамның мәйітін тауып алды. Қазір тексеру басталып, әйелдің аты-жөні анықталуда.