Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Қақпан» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген бір апта ішінде 58 көлік тұрағы, 60 гараж кооперативі, 91 техникалық қызмет көрсету орындары, 109 жеке меншік көлік шеберханасы, 6 көлік сататын базар, сондай-ақ 93 қосалқы бөлшектер сататын орындар тексерілген.
«Сондай-ақ «қақпан» көліктерін қойып, 40 іс-шара жүргізілген». Нәтижесінде Семей аумағында бір көлік ұрлығы ашылған»,- деді баспасөз қызметіндегілер.
Іс-шара жүргізілген уақыт ішінде барлығы 11 көлік айдап әкету дерегі тіркеліп, оның 9 ашылған. Бұрын жасалған 7 көлік айдап әкету дерегі ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 28 мүлік қылмысы, соның ішінде 9 көлік ұрлығы ашылған, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті