Шығыс Қазақстан облысында қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында қар жауды.

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Марқакөл көлінің маңында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Instagram желіcіндегі парақшасында хабарлауынша, биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алғашқы қар Марқакөл қорығында жауған.

Екі күн бойы толассыз жапалақтап жауған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Катонқарағай ауданының тұрғындары жауған қардың кадрларын бөлісуде. Алайда бұл жақта қар аз жауып, тез еріп кеткен.

"Марқакөл қорығы метеостанциясында 28 сантиметрге дейін қар жауды, Катонқарағайда да жылбысқы қар түсті, бірақ жылбысқы қар болғандықтан, жауып, тез еріп кетті. Ауа температурасы таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендеді", — дейді Қазгидромет өкілі.


Айта кетейік, метеорологтар бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертіп, мұнда дауылдық ескерту жарияланған еді. Синоптиктердің айтуынша, биыл күз әдеттегіден салқындау. Қыркүйек айында ауа температурасы нормадан шамамен бес градусқа төмен болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар