Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл салдарынан үш адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл салдарынан үш адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл салдарынан үш адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Мақаншы ауылында 2-қазан күні бір отбасына қарақшылық шабуыл жасалу салдарынан үш адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қазан 2003
  • 367
Фото - Caravan.kz

ІІББ-ның ақпараты бойынша, ауылдағы жеке меншік тұрғын үйлердің біріне басып кірген үш беймәлім қылмыскер бытыралы мылтық пайдаланып 100 мың теңге мен қырым күртешені қолды болдырған.

Шабуыл салдарынан үш адам зардап шегіп, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі басынан жарақаттанса, енді бірінің кеудесінен оқ тиген.
Қазіргі жағдаймен, қарақшылардың аты-жөні анықталып, осы ауылдың 28 және 30 жастағы ағалы-інілі тұрғындары мен көрші ауылдың тұрғыны екені белгілі болды. Қазір қылмыскерлерді ұстауға шаралар қолданылуда.

Соңғы жаңалықтар