Жарияланды: 390

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясының руднигінде қазбашы қаза тапты

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясының руднигінде қазбашы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ШҚО Бородулиха ауданында Жезкент тау-кен байыту комбинаты аумағында Орлов руднигінің горизонтында 7 қазанда сағат 21.50-де тау жыныстары опырылып түсті. Соның салдарынан 32 жастағы қазбашы жарақаттанып, ауруханада қайтыс болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін