Жарияланды: 380

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Өскемен. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Митрофановка ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді , деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі қабатты ғимарат бір жылда тұрғызылды. Мектеп 130 орынға есептелген. Онда 110 бала оқи бастады. Жаңа ғимаратта спорт залы, компьютер классы, оқыту жабдықтарымен жарақталған шеберханалар, әдістемелік лкасс пен кітапхана бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Облыста бір жарым жылда 17 мектеп ашылды. Жаңадан 29 оқы орны салынып жатыр. Ұлан ауданында бұл биыл ашылған екінші мектеп", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін