Олар осылайша тыйым салынған заттарды тәркілеуге қарсылық білдірген көрінеді.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарашаның онында бекітілген кесте бойынша аталған түрмеде «жоспарлы жалпы тінту шаралары» өткізілген болатын.
Тінту прокуратура қызметкерлерінің, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен облыстық ҚАЖ департаменті басшыларының қатысуымен өткізілді.
«Шара кезінде ОВ-156/3 мекемесі аумағынан ұялы телефондар, сим-карталар мен аксессуарлар, сондай-ақ, өткір кесетін заттар табылды», — делінген хабарламада.
Сотталғандардың жетеуі «тінту наразылық білдіріп, өздерін жарақаттады».
Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Түрмедегі жағдай бірқалыпты.