Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Ақтоғай темір жол бекетінде 19 қыркүйекте 16 сағат 30 минутта » Семей мен Ақтоғай арасында қатынайтын жүк поезы маневр жасау барысында цемент тиелген 4 вагон шойын жолдан шығып кетті».
20 қыркүйекте сағат 5-те апаттық-құтқару жұмыстары толық аяқталды.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат темір жол транспортының қозғалысына әсер еткен жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті